08.04.2012
Құрметті Бердібек Машбекович!
Мен Риддер қаласының тұрғынымын. Жеке шаруашылық қожалығын ашайын десем, былтырдан бері шабындық пен жайылым жер ала алмай жүрмін.Қалалық жер комитетіне арыз жаздым, ешқандай нәтиже жоқ." Луговатко" деген қала маңындағы жерден алуға болар еді, оның иесі қайтыс болған , соны алып беруге қалалық жер комитетінің қауқары жетпей отыр.Бос жатқан жерлер көп, бірақ ол жерлер біреудің иелігінде, ал олар пайдаланбайды.Жер алсам , шаруашылық ашсам деп, сандалғаныма 1 жылдан асты, осы сұрағым оң шешім табар деген үміттемін.
08.04.2012
Құрметті, Нұрлан Ерназарұлы! Сіздің өтінішіңіз «электрондық үкіметтің» және өңірде көрсетілетін электрондық қызметтердің құзырына жатпайды. Сіздің сұрағыңыз облыс әкімінің аппаратына азаматтардың өтініштерін қарау бөліміне тапсырылды. Сұрақ ЖТ-Ж-450 нөмірімен тіркелген. Қарау мерзімі, ҚР заңнамасына сәйкес 30 күнтізбелік күн. Барлық туындаған сұрақтар бойынша 8(7232) 24-24-24 телефоны бойынша немесе М.Горький к., 40 үй, 117 каб. мекенжайына хабарласыңыз.